12 ақпанда қандай шаралар болады

0

12 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов «Астана» концерт залында халық алдында есеп береді (бұрынғы Конгресс-холл, Кенесары көшесі, 32).

11.00 – Мемлекет басшысының қатысуымен «Birgemiz» еріктілердің республикалық фронт-офисінің ашылуы. Фронт-офис – бұл бүкіл республика бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіретін және қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын консультациялық, әдістемелік, ақпараттық орталық. Оның басқа функцияларының бірі – оқу бағдарламаларын әзірлеу, бірыңғай ақпараттық және имидждік саясатты ұйымдастыру, Call Center арқылы халыққа кеңес беру. Іс-шара барысында білім беретін және мотивациялық сессиялар, шеберлік сағаттары мен семинарлар өткізіледі (ЭКСПО-2017 көрме кешені, «ArtHUB» павильоны. Аккредитация +7 (7172) 74 03 50, 74 03 43 немесе pressa.mic@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

19.00 – «Солодан квартетке дейін» концерті болады. Шара кезінде ХХ ғасыр композиторларының шығармалары орындалады («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

10.00 — Valentine’s Market жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сатылымға экотауарлар, hand made бұйымдары, аспаздық өнімдер, экокосметика, сыйлықтар, аксессуарлар, ойыншықтар, кәдесыйлар, керамика мен декупаж өнімдері шығарылады. Көрме екі күнге созылады (Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226).

11.00 — Қазақстан қор биржасының брифингі, онда 2020 жылдың қаңтарындағы KASE жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Спикер – KASE басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк (KASE баспасөз қызметі, «Almaty Towers» көп функционалды кешені, Байзақов көшесі, 280).

15.00 — Белгілі суретші-карикатурашы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Суретшілер, журналистер, жазушылар одақтарының мүшесі Еркін Нұразханның «Шарайна» көрмесінің ашылуы. Қазіргі уақытта Еркін Нұрасханның шығармалар топтамасында мыңнан астам шарж бен карикатура бар, олардың 300-ін автор Қазақстан Орталық мемлекеттік музейінің қорына сыйлайды. Көрме 2 наурызға дейін жалғасады (Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, «Самал-1» шағын ауданы, 44. Байланыс телефоны: +7 (727) 264 26 80).

ҚАРАҒАНДЫ

19.00 — «Кино ғана емес» қысқаметражды фильмдер байқауы өтеді. Шара кезінде Чувашия, Якутия, Татарстан мен Қазақстан кинематографистерінің жұмыстары көрсетіледі. Кіру тегін (Қарағанды, Sary Arka cinema кинотеатры, Космонавтов көшесі, 1в. Байланыс телефондары +7 701 261 39 64, + 7 702 113 10 64).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Бос жұмыс орындарының қалалық жәрмеңкесі өткізіледі. Шара оқу орындарының түлектеріне және жұмыссыз жүрген жастарға арналған (Казақ бизнес және технологиялар университеті, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А. Байланыс телефоны: +7 778 951 22 79).

19.00 — Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші болады («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

19.30 – «Академия Cолистов» оркестрінің симфониялық концерті ұйымдастырылады («Қазақстан» ОКЗ).

АЛМАТЫ

09.30 – «Жасыл жобалар арқылы қалай ақша табуға болады? Энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия саласындағы жасыл жобаларды іске асыруда кәсіпкерлерге БҰҰДБ-ның қаржылық қолдау көрсетуі» тақырыбында баспасөз жиыны.  БҰҰДБ энергияны үнемдеу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жасыл жобаларды іске асыру үшін жеке кәсіпкерлерге қаржылық көмек көрсетуде. Қазақстанда елді мекендердегі коммуналдық инфрақұрылымның 65% тозған, соның салдарынан энергияның 16%-ы, жылудың 20%-ы және судың 60%-ы далаға кетіп жатыр. Бұл парниктік газдарды  (ПГ) арттырады және қоршаған ортаның ластануын ұлғайтады. Көміртектің әсерін азайту үшін ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру, заманауи жарықдиодты жарықтандыруды енгізу, қазандық және сорғы қондырғыларын модернизациялау, сондай-ақ энергия жүйелерін жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) көшіру сияқты шаралар қажет. Мұндай шаралар ПГ шығарылуын жылына 20-30 миллион тонна СО2 азайтуға мүмкіндік береді, бұл елдегі парникті газдардың 30%-ын құрайды.

19.00 – Ярослав Фридманның «Романтикалық саксофон» концерті. Ярославтың репертуарында Jazz, Swing, Funk, Bossa Nova, Lounge, этника, кино музыкасы, заманауи орындаушылардың танымал музыкасы, Rock&Roll, Blues, кубалық және латынамерикалық музыка сияқты стилистикалық бағыттар бар. («La Boheme»театры, Зенков көшесі, 24).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 — «Бетховен — Бессмертие — Любовь» балеті сахналанады («Астана Опера» театры).

АЛМАТЫ

15.00 — Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында «Жас гвардия» баспасынан «ЖЗЛ» сериясымен шыққан академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай»кітабының тұсаукесері. (Мұхтар Әуезовтің үй-музейі. Аккредитация +7 702 363 60 05 телефоны арқылы жасалады).

18.30 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, дирижер Жалғасбек Бегендіковтің «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті өтеді («Құрманғазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 — LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші өткізіледі. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы», Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 — Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Отан қорғаушы күніне орай генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

АЛМАТЫ

09.00 — Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа — 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады).  

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 — «Astana Ballet presents» жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді — «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78). 

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz