1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жүз елуден астам ұлт өкілі бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр — Sputnik. Бүгін — Қазақстан халқының бірлігі күні. Мереке Қазақстан Республикасы президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы жарлығымен бекітілген. Бұдан бұрын 1 мамырда Еңбек күні аталып өтетін.

Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев талай рет айтқандай, этникалық бейбітшілік пен келісім саясаты – мемлекеттің негізгі басымдылықтарының бірі.

«Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанда жүз елуден астам ұлт тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, украиндар, грузиндер, армяндар, шешендер, ингуштер, белорустар, корейлер, қырғыздар және тағы басқалары. Олардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасына тарихи оқиғалардың салдарынан қоныстанған: көші-қон, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы жаппай депортациялау және эвакуациялау. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері де әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс істеу үшін келіп қоныстанып жатыр.

Тағы оқыңыз: Бүгін әлемде қандай мереке — 1 мамыр

1995 жылдан ұлтаралық татулықты нығайтуды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанда Ассамблеяның кезекті сессиясы өтіп, бұл жолғы жиын «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» деген тақырыпқа арналды.

Сессия отырысын Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Еліміздің маңызды оқиғасына республиканың барлық өңірінен 1300 делегат жиналды. Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Германия елдерінен де қонақтар келді.

Айта кетсек, 1 мамыр мемлекеттік мереке болғандықтан, бүгін – қазақстандықтар үшін демалыс күні.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 1 мамыр мерекесін Алматыда атап өтеді



sputniknews.kz