1 ақпаннан кейін әкелінген армян автомобильдерінің иелері екі елде салық төлеуге мәжбүр болады — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстандықтардың армян автокөліктерін Қазақстан Республикасының аумағына кіргізу мәселесі, армян және қырғыз автокөліктеріне қатысты шектеулер туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев халықпен есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Министр ондай автокөліктер тек уақытша тіркелетінін естеріңізге саламыз дейді. Оның сөзінше бұл процесті қаржы министрлігі қатаң қадағалауына алатын болады.

«2020 жылдың 1-ақпанына дейін жеткізілген автомобильдер үшін белгілі бір шешімдер бар, үкіметтің қаулысы қабылданды. Яғни олар уақытша тіркеліп, сары нөмірлерді алып, көлік салығын төлейді. Бұл процесті біздің қаржы министрлігі қадағалайтын болады», — деді ол.

1 ақпаннан кейін әкелінген автоөліктерге келер болсақ, ол заңда қарастырылған кедендік баж салығын, пайдалану ақысы мен басқа да төлемдерді толығымен төлеуге тура келетінін айтты. 

«Армения Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан салықтар болуы мүмкін, салық міндеттемелері туындауы мүмкін деген мәселелері әлі де бар. Біз бұл мәселе бойынша армян тарапымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, сондықтан біздің аумақта жүретін көліктердің иелері бізге салық төлеуі тиіс», — деп толықтырды Жамаубаев.

stan.kz