Жүріп келе жатқан машинадан түскен жүргізуші жазаланды

0
42
Сурет: kolesa.kz

Жақында әлеуметтік желіде тағы бір даулы видео жарияланды. Онда Toyota Camry жүргізушісі жүріп келе жатқан машинадан шығып, асфальтта аяғымен сырғанайды.

Ол Шымкент – Самара тас жолындағы мұзды өзгелерге көрсету үшін осы қадамға барған. Бірақ оның бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, өз көлігінің астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды kolesa.kz сайты.

Видео әлеуметтік желі қолданушыларының ғана емес, полицейлердің де назарын аударды. Бейнежазбадағы азамат Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды. Оған жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік кодекстің 593-бабы, 3-тармағы бойынша хаттама толтырылды. Мұндағы 3-тармақ жүргізушінің аталған ережені бір жыл ішінде екінші рет бұзғанын білдіреді. Айыппұл мөлшері — 10 АЕК (29170 теңге).

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету