«Жұмабектің бажасымын, соған звонда». Түркістан облысында полицейлер жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні жібере салды (видео)

0

Қазнетте қарама-қарсы бағытта жүріп келе жатқан жүргізушінің видеосы қызу талқыға түсті. Оны тоқтатып, кейін жібере салады. Түркістан облысы полиция департаменті осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Автокөлік иесіне қатысты полиция қызметкерлері ӘҚБтК-нің «көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» және

«полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамау және алкогольдік, есірткілік мас күйін куәландырудан өтуден жалтару» баптары бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама толтырды, — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағында тұр. Заңды шешім қабылдау үшін іс Отырар аудандық сотына жіберілді. Сондай-ақ, оны жібере салған екі полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)