«Жезөкшелер қанды ішті». Алматы тұрғындары әкімге шағымданды

0
1168

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды.

Мекемеде жұмыс жасайтын қыздар массаж қызметінен басқа өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсетті.

– Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты – мекемеде жезөкшелер үйі орналастырылған, онда жедел іздеушілер жеңіл жүрісті 11 қызды анықтады.

Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал Аудандық басқармаға жеткізілді. Айтпақшы, қыздар арасында біздің отандастарымыздан басқа, көрші республикалардың әйелдері де “жұмыс істеді”. Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы, оның ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотталығы бар, – деп түсіндірді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Барлық “жеңіл жүрісті” қыздар үшін әкімшілік жазалау хаттамалары жасалды. Сондай-ақ интимді қызметтерді ұсыну үшін жалға берген үй иесі тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.