Жаңа жыл қарсаңында Өскемендегі мейрамханада төбелескен бір топ шенеуніктің видеосы жарияланды

0

Өскемендегі «SEREBRO» мейрамханасында Жаңа жыл алдында шенеуніктер арасында төбелес болып, қалалық ауруханаға пышақ жарақатын алған Марат Байжуменов (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) есімді азамат түседі. Аурухана қызметкерлері аталған жағдайды бірден полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Осыдан бір жарым ай бұрын болған мейрамханадағы төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

ШҚО облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy тілшісіне бұл жағдайды растады. Алайда, тергеу амалдарына қатысты толық мәліметті кейін беретінін айтты.

«Өскемен унитарлық кәсіпорнының Үлбі полиция бөлімінің өндірісінде қаланың ойын-сауық мекемелерінің бірінде 26.12.2020 жыл жасалған қылмыстық құқықбұзушылық туралы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде », — деп түсіндірді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Правда становится явным! (@nefakenews)

Мейрамханадағы төбелестің неден шыққаны әзірше құпия. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, төбелеске қатысқан мас шенеуніктер арасында облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы жетекшісі Арсен Тен (соққы жұмсаған), облыстық мәдениет бөлімінің басшысы Мирас Жұмағұлов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Ілияс Мұхамеджан мен әзірше аты-жөні белгісіз облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірі бар.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан