Үлкен кісінің бетіне торт жапсырған бала жұрттан сөз естіді (видео)
Әлеуметтік желіде үлкен кісінің бетіне торт жаққан жігіттің әрекеті жұрттың ашуына тиді. Арасында мұны әзілге балап, жақтап сөйлегендер де бар.
Видеодағы әйелдің жас жігітке кім болып келетіні белгісіз.
Ол егде жастағы әйелдің бетіне тортты жапсырып, мәз болып тұрады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Кім болса да үлкен жастағы әйелді олай мазақ етуге жас баланың хақысы жоқ еді» деген жазбалар оқша борады.
«Қатырдым деп отыр ғой. Сана берсін», «Өзін осы жарық дүниеге әкелген адамға деген құрметі ғой. Слишком низко! Өзінің құрдасы болса екен бір! Нанның да, анасының да обалына қалды-ау», «Мәз болып тұрған кісіні не істеді ал?!», «Әжеге обал. Сосын қатты ұрды ғой, масқара-ай!» деп жазды желідегілер.