«Үйленейін деп жатырмыз»: Төреғали аяғы ауыр келіншегін ерекше бейнебаянға түсірді

0
578

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі жары Толқынмен түскен ерекше бейнебаянды жұрт назарына ұсынды. Аталмыш клип арқылы ерлі-зайыптылар өздерінің ажырасып кеткені жайлы қауесеттерге нүкте қойып, алдағы уақытта тағы да сәбилі болатындарын ресми түрде растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали мен Толқынның қатысуымен түсірілген бейнежазба әншінің Instagram парақшасында жарияланған. Ерлі-зайыптылар Алматының әсем жерлерінде серуендеп, видео арқылы бақытты сәттерін көрсетеді. Сонымен қатар, аталмыш туындының арқасында жұлдызды отбасының жақын арада тағы бір сәбимен толығатыны белгілі болды.

Бейнебаянда Төреғалидің жары шығып қалған ішін ұстап, ресми түрде аяғы ауыр екенін хабарлады. Бұл жаңалыққа қатты қуанған өнер иесінің жанкүйерлері оларды жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жолдап жатыр.

«Бақытты болыңыздар. Мына өмірдегі бар жақсылықты тілеймін», «Ғұмырлы болыңдар. Көп болыңдар», «Недеген керемет жаңалық. Бесінші мәрте ата-ана боласыздар ғой», «Ұлы дала баласы тағы да әке атанбақ. Толқын жарайсың, келіндердің барлығы сендей болсын», «Толқын Төреш сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Салиқалы ұрпақ дүниеге келсін», «Бақытты болыңыздар», «Халық сіздерді ажырастырып әлек. Сіздер болса бесінші рет балалы болғалы жатырсыздар», – деп жазды оқырмандар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от (@toregalitoreali)

Қызығы, Төреғали аталмыш видеоның астына «Біз үйленейін деп жатырмыз» деген жазба қалдырып қойған. Өнер иесінің бұл сөздері желідегілер арасында қызу пікірталас тудырды. Қалың көпшілік ерлі-зайыптылар тағы да үйлену тойын жасамақ деп болжады.