«Сукин сын, но наш сукин сын!». Омар Жәлел феминистер мен гейлер туралы ойын ашық білдірді

0
940

Абайтанушы Омар Жәлел журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында ЛГБТ өкілдеріне қатысты пікірін ашық білдірді.

Ғалым олардың бала кезде психологиялық жарақат алғанын алға тартып, мұндай халде жүруінде қоғамның да кінәлі екенін жеткізді.

«Баяғыда бір кісі Америкадан саяси баспана сұраған ба? Сонда Хрущев «Сукин сын, но наш сукин сын!» деп боқтаған екен. Боқтап жатыр, бірақ біздікі дейді. Сол сияқты мен өзім ойлаймын феминист болсын, гей болсын — ол сенің қазағың. Түсінесіз бе? Мысалы, біздің қоғамда былай. Екіжүзділік бар бізде, соларды жамандаймыз.

Ей, айналайын-ау! Солардың сондай болғанына сен де кінәлісің ғой. Дұрыс па? Біз кінәліміз негізі. Абай «Адам баласын заманы өсіреді» деп айтып отыр. Егер сол қоғамдағы, сол отбасындағы жағдай нағыз еркектің, нағыз қыздың өсірушісі болғанда — сондай қолайлы болса.

Ол, мысалы, ғалымдар феминизм болсын, біржынысты, гейлер болсын — ол нормадан ауытқу деп айтады. Ол көбінесе сол тәрбиедегі ауытқушылықтан болады. Мысалы, біздің бала кезде «Қыздармен ойнама, қызтеке болып кетесің» дейтін. Өйткені, қазақ біліп отыр. Қыздармен ойнай берсең, қыз құсап кетесің», — дейді Омар Жәлел.