Шымкентте екі жігіт аялдама әйнегін сындырған (видео)

0

Шымкентте автобус аялдамасының шыны қабырғасын сындырған екі жас жігіт ұсталды деп хабарлайды қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында, деп хабарлайды kaz.nur.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, 15 ақпанда таңғы сағат 6.00-де патрульдік полиция инспекторы аумақты патрульдеу кезінде Абай даңғылында орналасқан «Радуга» автобус аялдамасының шыны қабырғасының сынғанын байқаған.

Тәртіп сақшысы бұл туралы Абай ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел хабарлап, вандалдарды іздеуге кіріскен. Инспектор оқиға орны маңында жүрген екі жігітті байқап, тоқтатқан.

Тексеру барысында азаматтардың бірінің ұялы телефонынан аялдаманың шынысын сындырып жатқан cәт түсірілген бейнежазба анықталған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Шымкент Полиция департаменті (@police_shymkent)

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 19 жастағы екі азамат полицияға жеткізілген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.