Сағынтаевқа сұрақ қойған алматылық ару жылап жіберді (видео)

0
695
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы тұрғыны қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа сұрақ қойып жатқан кезде жылап жіберді.

Тікелей эфирде анасының ауруы туралы айтқан алматылық сезімге ерік берді.

«Медицина саласына қатысты сұрағым бар. Анамның жүрек талмасына ұшырағанына бір жарым жыл болды. Оған бір жылда екі рет тұрақты ем керек, алайда емхана қабылдамайтындықтан, оны жатқыза алмай жүрмін. Үлкен өтініш, оны ауруханаға жатқызуға көмектесіңізші», — дегені сол еді байланыс үзіліп кетті. 

Сағынтаев Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қызбен байланысып, анасын ауруханаға жатқызуға көмектесуді тапсырды.