Қазақстандықтар қазақ тілінде сөйлемек болған жігітті әбден мазақтап, енді сөйлеместей қылған (видео)

0

Қазақстандықтар көпшілік мемлекеттік тілді үйренуге тырыспайды деп шағымданады, ал тырысып баққандарға күле қарайды, деп санайды ролик авторы.

Қазнет қолданушылары қарағандылық жас жігіттің қазақ тілінде сөйлеуден ұялатынын мойындап, себебін түсіндіріп жатқан видеосын қызу талқылауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен таза қазақпын. Ана тілімде сөйлеуге ұяламын. Өйткені, туғанымнан ана тілімде сөйлеуге қажеттілік болмады. Қарағанды қаласында дүниеге келдім, онда халық негізінен орыс тілінде сөйлейді. Бірақ астанаға көшкеннен кейін, ана тілін білмеу мені қатты шектейтінін түсіндім. Осындай проблемаға тап болып отырмын, қазақ тілін үйренуге тырысқанымда, айналамдағылар акцентіме қарап келемеждейді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлеуге тырысқан сайын қорқынышым байқалады», — дейді жас жігіт.

Видеоның екінші бөлімінде ол бастапқыда көпшіліктің өзінің қазақ тілін үйренуін қолдағанын айтып өтті.

«Кеше ғана қазақ тілінде видео түсірдім. Акцентім көрініп тұрды, сондай жаман шықты. Ал қандай пікірлер жазылғанын білесіз бе? Бала күнінен қазақ тілінде сөйлейтін «данышпандар»: «Сөзді дұрыс айтпадың!» деді. Жарайсың, дұрыс! Қазақ тілінде сөйлеушілердің арнасын осылай кеңейтейік», — деп қосты жігіт.

Желі қолданушылары оған осы видеодан кейін қолдау білдіріп жатты.