Павлодарда жас қыз супермаркетті тонамақ болған ер адамды ұрып тастады (видео)

0

Кенжекөл ауылында (Павлодар облысы) қыз қарулы қарақшыға дүкеннің кассасынан ақша алуға рұқсат бермеді, деп хабарлайды ORDA.

Әлеуметтік желілерде тапаншамен қаруланған жігіттің Кенжекөл ауылындағы дүкенді тонамақ болған видеосы тарап жатыр. Алайда сатушы әйел өз өмірін қатерге тігіп, қарақшыға жианлған ақшаны алуға жол бермеген.

Жігітті сол күні ұстады. Кенжекөлдегі сәтсіз тонау әрекетінен кейін ол Павлодардағы дүкенге көз салған. Екінші әрекеті сәтті болып, Павлодар дүкенінен 120 мың теңге алып кеткен.

— Қылмыс бір сағаттың ішінде ашылды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Павлодар облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын сотты болмаған. Ұрланған қаражат тәркіленді, делінген Павлодар облысының ПД хабарламасында.

Оған қатысты «тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол үш жылдан жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.