Машинасына адам байлап сүйреген Павлодар тұрғыны жауапқа тартылды

0

Павлодар қаласының Instagram-пабликтерінде ВАЗ-21140 автокөлігіне адамды арқанмен тіркеп алып сүйреген видеожазба тарады.

Полицейлер тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 жастағы жүргізушіге жол қозғалысы мен жолаушылар тасымалы ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.