Елордада ер адам 8 наурыз күні екі бойжеткенді ұрып кетті

0

Нұр-Сұлтандағы демалыс орындарының бірінде ер адам мен екі бойжеткен арасында жанжал туындады.

Қыздардың бірі өзінің әлеуметтік желісінде осы туралы жазба қалдырды. Бұл туралы ORDAхабарлады.

Нұр-Сұлтан тұрғыны Амина Кұрманбаева 8 наурыз күні кешке қарай мерекені атап өтуге демалыс орнына барған. Бұл туралы Амина өзінің Instagram парақшасында жазды.

Бойжеткеннің құрбысы телефонмен сөйлесіп сыртқа шығып кеткен. Ал ол бір әйелге көмектесіп жатқан. Осы кезде қызға бір ер адам шабуыл жасады. Ер адам қыз баланы тепкен, ол бейнежазбаға түсіп қалған.

Дәлел ретінде Амина оқырмандарына видеоны да көрсетті. Оның айтуынша, ер адам кофтасын жыртып, шашын жұлған. Жанжал кезінде бойжеткен әшекейін жоғалтып алған.