Баласынан жарысқа баруға сұранған Елдос Сметов жұртты сүйсіндірді (видео)

0
1770
Коллаж: tengrinews.kz

Әлеуметтік желіде тараған Елдос Сметов пен ұлы туралы видео жұртты сүйсіндірді. Аталған видеода ол ұлынан жарысқа сұранады.

«Шымкентке жаттығу жасап, жарысқа барып келемін, иә? Күресіп келейінші. Саған алтын медаль алып келемін, балам. Телефонмен сөйлесеміз», — дейді ол ұлына.

Алайды ұлы оны жібергісі келмейтінін көрсетіп, қатты құшақтап алады. Осы сәтте қызы әкесінен алтын әкелуді сұрайды.

«Оған да, маған да дәу алтын алып келші», — дейді қызы.

Желі қолданушылары видеоны көріп отырып ерекше тәнті болғанын жарыса жазып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

«Қайта-қайта көріп шықтым», «Дәу алтын бұйырсын», «Қандай ыстық көрініс», «Былдырлаған тілінен сол», «Өте жақсы әке», «Әке — асқар тау деп бекер айтпаған» деп жазды желідегілер.