Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ата-аналар төбелес шығарды

0
27

Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады.

Төбелескендерді полиция қызметкерлері мен ер адамдар ажыратуға тырысып жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бейнежазбаның тексерілгендігін хабарлады.

«Алматы қалалық полиция Департаменті қазіргі уақытта СОО-ның біріндегі жанжал фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Екі тарап та арызбен Әуезов ауданының ПБ-на аумақтық мәселесі бойынша жүгінген.

Олардан жауап алынды. Оқиғаға қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әрі қарай, шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберіледі», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету