«Жете алмай қалдым»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовке арналған асқа үлгермегенін айтты
ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні қарсаңында еске алу асын берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марқұм тірі болғанда 80 жасқа толар еді.
“Ниетімді қабыл етсін, өтіп жатқан, бағыштаған құранымыз қабыл болсын, әттең-ай жолды ашпады, өзім Астанадан жете алмай қалдым” , – деп жазды өнер иесі.
Сонымен қатар әкесі Мұхамедьяр Өмірбекұлының рухына да арнап, асты Қарағанды облысында берген.
“Мақпал, асқа келе алмады. Әкең мен Зәкеңе оқылған Құран қабыл болсын! Күн райының күрт бұзылуына байланысты үлгермеді. Алла да, ел де риза. Зәкеңнің артында қалған ұрпақтары аман болсын! Мерей қызыңның қызығын көр. Ешқандай ренжіме. Елдің сөзін көңіліңе алма!”, – деп сәлем жолдады әншінің анасы.
Жиналған қауым Заманбек Нұрқаділов туралы жылы сөз сөйлеп, Қазақстанға осындай мықты саясаткерлер керек екенін айтты.
Сондай-ақ мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев пен сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары оқылды.
Еске салайық, саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш қойылатынын мәлім етті.