«Жер туралы заң? Бұл – биліктің кезекті рет халықты алдауы» – Қоғам белсендісі

0
137

Бүгін «Жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы» мәжілісте екінші оқылымда мақұлданып, сенатқа жолданды.

Естеріңізде болса, бұл заң талқыланып жатқанда жер мәселесі туралы жиі пікір айтып жүрген қоғам белсенділерінен құралған «Жер комиссиясы» құрылған болатын. Біздің депутаттар бұл комиссияның пікірін мүлде ескермеген сияқты. Ендеше заң шығарушы органға ықпалы жоқ мұндай комиссияны құрудың, қоғамда пікір алауыздығын тудырудың не қажеті бар?

Осы тақырыпқа орай қоғам белсендісі Жанболат Маман:»Тағы да қайталап айтамын: бұл биліктің кезекті рет халықты алдауы. Қазіргі айтып отырғандары тек қана ауыл шаруашылығы жерлері болып отыр. Өндірістік және басқа да бағыттағы жерлер туралы бір ауыз сөз жоқ! Бүгінгі ауыл шаруашылығы жерлерінің бағытын өзгерту дәл осы биліктің қолында. Одан бөлек зауыт-фабрика салуға арналған миллиондаған гектар жер бар. Қытайдың 56 зауытының құрылысына қатысты мәселе әлі жабылған жоқ» дейді.

«Қазір үлкен қатердің алдында тұрмыз!» деген қоғам белсендісі билік жерді шетелдіктерге жалға берудің жаңа тәсілін ойлап тапты деп есептейді.

«Ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салдық» дейді де, басқа бағыттағы жерлерді Қытай компаниялары мен азаматтарына жаппай беруі мүмкін.

Нақты талап қоюымыз керек:

1. Ауыл шаруашылығы ғана емес, жалпы Қазақстанның жері шетелдіктерге жалға берілмеу керек, сатылмау керек.

2. Ауыл шаруашылығы жерлері Қазақстан азаматтарына да сатылмауы тиіс. Жер мемлекеттің меншігінде қалуы керек.

Егер осы мәселе шешілмесе, жаппай алаңға шығып, жерімізді қорғауымыз керек!» деді Жанболат Мамай.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету