Саясат Нұрбек: Ұйқысыздық пен депрессия – біздің тәртібіміздің әсері
Алматыдағы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі. Дөңгелек үстелді Министр Саясат Нұрбек өз сөзімен бастады, ол қазіргі адамзат өмірінің тәртібі табиғатқа қарсы екенін айтты.
Қазіргі жағдай, яғни, түнде немесе кеш адамдардың белсенді болуы — соңғы 50 жылдың ішінде ғана орын алады. Яғни, қанша мыңжылдық біз, адамзат күннің шығуы мен батуымен өмір сүрдік. Қазіргі қоғамдағы жағдай — біз кешкі 10-да, 11-де, түнгі 2-де шықсаңыздар, көшеде адамдар жүреді. Кафе, ресторандар, түрлі диско-барлар жұмыс істейді. Бұл 50 жылдағы артық белсенділіктің әсері, нәтижесі. Сондықтан, қазіргі таңда дүниежүзінде үлкен әкімшілік қозғалыстар басталды, бірнеше ұйымдар құрылды, Еуропа одағы арнайы Барселона декларациясын қабылдады, табиғи уақытқа қайтару үшін. Табиғи циклдарды сол өзінің қалыптасқан биологиялық, географиялық циклдарды сәйкестендіру үшін. Неге десеңіз, осы соңғы 50 жылда болған біздің өміріміздің тәртібі табиғатқа қарсы. Ұйқысыздық, шаршау, депрессия, бұл осы біздің тәртібімідзің әсері.
Сондай-ақ, Саясат Нұрбек экономикалық кері әсері бар екенін де айтып өтті.
Қай мемлекеттерде адамдардың биоциклі табиғи циклға жақын, еңбек тиімділігі жоғары. Еуропада, АҚШ-та адамдар өте ерте тұрады. Ерте жұмысты бастайды да, күндіз 4-5 терде жұмыс бітеді. Кешкі 10-да далаға шықсаңыздар, дүкендер, барлығы жабылады. Сондықтан еңбек тиімділігі сол елдерде жоғары. Біртұтас уақыт белдеуі біртұтас кеңістікті де қалыптастырады. Мысалы, Қытай — өте үлкен мемлекет, бір уақыт белдеуін ұстайды. Бір ел бір уақытта тұрады, бір уақытта жұмыс істейді, маңызды ұлттық оқиғалар бір уақытта болады. Батыс өңірінде адамдар «Жаға жылды бір уақытта тойлайтын болдық қой» деп қуанып жатыр.