Ринат Зайытов: Тоқал алуға 7 атадан дайынбыз, бірақ шашам жетпей жүр

0
1574
Сурет: коллаж 365 info.kz

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов Нартай Аралбайұлымен тікелей эфирде өткен сұхбатында өзіне жасалған ерекше ұсыныс туралы айтты. Сондай-ақ, материалдық жағдайына қарамастан, бұл ұсыныстан неге бас тартқанын мәлім етті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Жаз кезінде үлкен кісілер келді. Елбасы туралы ән жазып, өзің оқып берсең, сенде бәрі болады деді. Алматыдан жақсы үйді уәде етті. Мен бас тарттым. Ойландым, бірақ қолымнан келмеді. Менің материалдық шамам керемет емес. Ақшадан қысылатын кездерім болады. Тоқал алуға да шашам жетпей жүр. Әйтпесе тоқал алуға 7 атамыздан дайынбыз ғой, — деді ақын.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ринат Зайытовтың Елбасыны мақтап өлең жазуға ұсыныс алғаны туралы жазған едік.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз