Қандастармен «Құжаттық сауаттылық» тақырыбында онлайн видеоконференция өтті

0
22

«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры  Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімінің мамандарымен «Құжаттық сауаттылық» тақырыбында онлайн видеоконференция ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының көші-қон бөлімінің  маманы Индира Байрова қатысып, құжаттарды әзірлеуге қатысты заң кеңесін берді. Онлайн жиын барысында елге келген қандастар тап болатын мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары айтылды. Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, тиісті мамандардан тікелей кеңес алды.

“Адырна” ұлттық порталы