Көктайғақ болып, бұрқасын соғады: 13 қарашаға арналған ауа райы болжамы

0

Елордада және Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

13 қарашада Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында 13 қарашада түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Павлодар облысында кей жерлер көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде 13 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде 13 қарашада тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде кей жерлерде, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 13 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болад. Батыстан, солтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 13 қарашада жел оңтүстік-батыстан соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с болады. 14 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, жел соғады.