Бүгін Хаменованың ісі бойынша үшінші сот отырысы өтеді

0
3919

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бойынша үшінші сот отырысы өтеді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Хаменова мен Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (с) бойынша айып тағылды.

11 тамызда кезекті сот отырысында Хаменованың ісі бойынша облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтен жауап алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 9 желтоқсанда Рысқалиев Абай ескерткішін жеткізушіден 4,5 млн. теңге көлемінде пара алып жатқан кезде ұсталды.

Ұсталғаннан кейін Рысқалиев қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесін алу үшін Антикорға Хаменовамен әңгімені алынған пара мен параны одан әрі кәдеге жарату жоспарын талқылау сияқты болатындай етіп ұйымдастыруға уәде береді.

Алайда Антикор берген уәде орындалмайды. Көп ұзамай Рысқалиев күдіктіге айналды. Антикор оған тағы бір уәде береді, ол  Рысқалиевке  «пара алуда сыбайлас емес, делдал мәртебесін» таңу.

Рысқалиев бұл «уәделер» туралы сотта мәлім етті. Ал оның адвокаты тергеу сатысында өзінің жазбаша өтінішхатында Антикор Рысқалиевті «қорғауға құқығы бар куә немесе делдал мәртебесіне» ауыстыру туралы уәдесін орындамағанын атап көрсетеді.

Осылайша, олардың сенімсіздігіне байланысты және өз айғақтарының  дұрыс еместігі салдарынан  шатасып кету қаупі жоғары екенін ескерген Рысқалиев сотта адвокатының ыңғайлы және алдын ала жоспарланған сұрақтарына ғана жауап беруді ұйғарды.

Түсініксіз жайт, өзін сотта мән-жайдан жәбірленуші  ретінде көрсеткен Рысқалиев пен оның қорғаушысы неліктен  Хаменова мен басқа да іске қатысушылардың сұрақтарына жауап беруден қорықты?!

Сотта таңдалған тактиканы ескере отырып, Рысқалиев адвокаты дайындаған  айғақтарға жауапты жатқа айтып тұрды және сот сұрақтарына түсініксіз әрі дәл емес жауап берді. Бұған сотқа қатысушылардың бәрі де куә болды.

Мәселен, ол өзін Хаменованың қызмет бабында үнемі және негізсіз сынға алғанын дәлелдеуге тырысты. Әйтсе де кереғар тағы бір жайтты ескермеді. Ол —  2021 жылғы қазанда Сарайшық ауылында өткізілген халықаралық іс-шарадан кейін дәл осы Хаменованың ұсынысы бойынша  облыс әкімі тарапынан марапатқа ие болуы.

Осылайша, Рысқалиевтің Хаменованың қысымына ұшырап, жұмысынан айрылудан қорыққандығы туралы ойдан шығарылған нұсқасы да жалған болып шықты, өйткені ол кез келген уақытта облыс әкіміне, яғни Хаменованың басшысына шағыммен жүгіне алатын еді, бірақ олай жасамады.

Бұдан әрі, жоғарыда айтылғандай, Рысқалиев ескерткішке қатысты  пара  алу туралы әңгіме өрбіту арқылы Хаменованы ұстап беруге шешім қабылдады.  Алайда НСД жазбасының растауынша, 2021 жылғы 10 желтоқсанда Рысқалиев Хаменованың қызметтік кабинетінде «Алтын Орда» халықаралық конференциясы бойынша қаражат тапқаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте ол оған бұл қаражатты кімнен алғанын айтпайды. Хаменова  да  сөз демеушілік  қаражат туралы деп есептейді, бірақ  Рысқалиевтің қолма-қол ақша туралы айтып отырғанына таң қалады.

Кабинеттегі сол күнгі әңгіме Антикордың арандатуынан туғанынан және  оның жалғыз мақсаты Хаменовадан ақшаны не істеу керектігі туралы қандай да бір нұсқау алу екенінен бейхабар Хаменова Рысқалиевке 2,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны жауапты қызметкерге аударуды тапсырады (Аманиязовқа). Ал Ж.Аманиязов  «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясын ұйымдастыру кезінде Сарайшық аулындағы іс-шараларға жауапты болды.

Хаменованың бұл ақшаны Аманиязовқа беру қажеттілігі туралы тапсырмасы осы іс-шара кезінде Сарайшық ауылындағы жолдар мен мешітті жөндеген мердігерлерге қарыздың пайда болуымен түсіндіріледі.

Назар аударатын нәрсе, осы іс-шараны ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер қатысқан алқалы жиында жоғарыда айтылған қарыздарды өтеу үшін демеушілік көмек іздеу жөнінде шешім қабылданған.

Осылайша, сот  Рысқалиевтің сенімсіз, дәйексіз және істің басқа материалдарына сәйкес келмейтін айғақтарын ескереді және Хаменова Рысқалиев пен Антикор арасындағы мәміленің субъектісі болды деген қорытындыға келеді деген үміт бар.  Бұлайша пайымдауға осы істегі барлық дәлелдемелер негіз бола алады.

Естеріңізге салайық, 2021 жылдың 27-29 қазаны аралығында Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылында «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» халықаралық конференциясы өтті. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға тікелей жауапты орындаушы ретінде жергілікті атқарушы орган — ауылдық округ әкімдігі белгіленді.

Келесі тыңдалған куәгер, Сарайшық ауылының әкімі Пазылов бұл іс-шараны ұйымдастыруға 5,5 миллион теңгенің сметалық құжаты бекітілгенін айтты.

Алайда уақыттың тығыздығына және бюджеттік қаражаттың тапшылығына байланысты ол «Керим Медиа» ЖШС мен «Сарайшыққызмет Сервис» ЖШС-нен 3 миллион теңге демеушілік қаражатты осы іс-шараға тартқан.

Сондай-ақ сол кезде туындаған қаржылық мәселелерді ескере отырып, Пазылов жеке қаражатынан 2,5 млн. теңгені де жұмсайды.

Ол бұл жайтты облыстық шығармашылық орталықтың  директоры Аманиязовқа жеткізеді, Аманиязов өз кезегінде басшылыққа есеп беретініне уәде береді.

Бұл мәселені, яғни пайда болған қарыздарды өтеу мәселесін шешу үшін аталған іс-шараны ұйымдастыруға жауапты Хаменова, Рысқалиев және басқа да қызметкерлер алқалы жиында бірлесе шешім қабылдап, демеушілік қаражат көздерін іздестіруге кіріседі.

Бұдан аңғаратынымыз —  НСД жазбасымен дәлелденгеніндей, 2021 жылғы 10 желтоқсанда Рысқалиевтің Хаменованың қызметтік кабинетінде   «Алтын Ордаға»  қатысты қаражат тапқаны туралы хабарлауы  кездейсоқтық еместігі.

Сол себепті  де Хаменова әңгіме барысында Рысқалиевтің бұл қаражатты кімнен алғанын нақтыламайды, сәйкесінше онымен пара алғаны туралы әңгіме ұйымдастырып жатыр деп күдіктенбейді.  Конференцияға қатысты қарызды өтеу ниетімен  2,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны Ж.Аманиязовқа беруді тапсырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нұсқасы бойынша, Хаменова мен Рысқалиев Абай ескерткіші үшін пара алуда «Алтын-Орда» сөз тіркесін қолданған  деген болжам бар.

Алайда бұл болжам Хаменова мен Рысқалиевке қатысты жүргізілген  ЖІІШЖ (СОРМ), санкцияланбаған рұқсат жасау (НСД) нәтижелерімен де, істің басқа материалдарымен де расталған жоқ.