Атырауда жарылыс болып 5 адам зардап шекті

0

Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Жарылыс кезінде 5 адам зардап шекті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, оқиға 2 қаңтар күні болған.

“Жергілікті уақытпен сағат 11:10-да Атырау қаласының Көкарна ауылында тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде үйде газ-ауа қоспасының дүмпуі болғаны анықталды. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр аумағы жанып кетті”, – делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 12:03-те оқшауланып, 12:22 шамасында түгелдей сөндірілді. Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 16 қызметкері мен 3 бірлік техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Бейрутте жойқын жарылыс болған еді.