Алматыда әйелдің басын кесіп алған күдіктіні қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылды

0

Алматыда әйелдің басын кесіп, сөмкеге салып, базарға тастап кеткен күдіктінің қамауға алу мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты соталды тергеп-тексеру органының талабы бойынша күдікті И.-ді қамауға алу мерзімін екі айға, 3 қыркүйекке дейін ұзартуға санкция берді.

Еске сала кетейік, биыл 12 сәуірде Алматыдағы дүкендердің бірінде белгісіз ер адам әйелдің басын сөмкеге салып, базар маңына тастап кеткен болатын. Оқиға Станкевич көшесіндегі Алматы-1 базарында болған. Полицейлер мәліметінше, әйелдің денесі Шолохов көшесінің бойындағы саябақтан табылған.

24 сәуірде полицейлер осы қылмысқа күдікпен 1962 жылы туған ер адамды ұстағаны белгілі болды. Күдіктінің жәбірленушіні бірнеше күннен бері танитыны және қылмыс жанжал кезінде жасалғаны анықталды.