Алматы, Астана, Шымкент үшін қазіргі уақыт белдеуі дұрыс — Қайдарова Диляра

0

Алматыда өткен «Бірыңғай уақыт белдеуі: ғылыми аспектілер» атты дөңгелек үстелінде уақыт белдеуінің денсаулыққа әсері айтылды.

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ директоры Қайдарова Диляраның айтуынша, қазіргі уақыт белдеуі еліміздің көп аймағында дұрыс орнатылған.

Дүниежүзілік шоғырландырылған уақыт шкаласына сәйкес UTC+5 Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалалары үшін табиғи уақыт белдеуі болып табылады. Қарағандыдан бастап Семей мен Талдықорғанға дейін табиғи уақыт өтеді. Яғни, бұл табиғи уақыт.

Қайдарова Диляра еліміздің солтүстік пен шығыс аймақтарында обырмен көп адам ауыратыны айтылды. Бұған себеп — бұрынғы UTC+6 уақыт белдеуі.

Ғалымдардың пікірінше, халық денсаулығы үшін табиғи күн уақытына жақын тұрақты табиғи уақыт белдеулерін пайдаланған дұрыс. Аталған ғаламдық обыр рейтингінде Қазақстан обыр ауруы бойынша 59-орында тұр. Көбінесе, дүние жүзіндегідей, сүт безі обыры, екінші орында өкпе обыры тұр. Аурудың таралуы бойынша солтүстік өңірлерге, ШҚО-ға, Павлодар облысына, яғни UTC + 6 уақыт белдеуімен өмір сүрген өңірлерге көбірек келеді. Зерттеулер көрсеткендей, табиғи уақыт белдеуі организмге жарық пен қараңғылықтың табиғи тәуліктік циклдарымен үндесуге мүмкіндік береді. Бұл үнемі мелатониннің бөлінуіне ықпал етеді, яғни жасушаларыңызды зақымданудан және ісіктен қорғайтын гормондар.