Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт салдарынан көз жұмды

0

Абай облысында бір үйдің төрт баласы көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Abainews Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға 25 қазан күні сағат 11:00 шамасында Абай облысының Аягөз қаласында болды. Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы төрт баланың денесін тапқан.

8 жасар егіз бен олардың 3 және 2 жастағы інілері көміртегі тотығымен уланып, көз жұмды. Балалардың әкесі жедел жәрдем жүргізушісі болып жұмыс істейді және оқиға болған кезде ол жұмыста болған, ал анасы базарға азық-түлік алуға кеткен.

Қаланың жергілікті тұрғындары ата-аналарға көмек көрсету үшін қаражат жинап жатыр.