Орскідегі Никель кентінде су тасқыны салдарынан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауда

Ресейдің Орскідегі Никель кентінде су тасқыны салдарынан тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлады Орынбор облысы үкіметінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге салайық, Орскідегі бөгет 5 сәуірде кешке бұзылды. 6 сәуірде таңертең Орск билігі зардап шеккен аудандардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауды жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, Орскідегі су басу аймағынан шамамен 2 мың адам эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 320 адам, оның ішінде 85 бала бар.