Домой Қоғам 22 жастағы бойжеткен бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастаған жігітке тұрмысқа шықты

22 жастағы бойжеткен бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастаған жігітке тұрмысқа шықты

0
597

Бетін қышқылмен күйдірген жігітті кешіріп әрі оған тұрмысқа шыққан 22 жастағы бойжеткеннің қылығын туыстары түсінбей әлек, деп хабарлайды kznews.kz сайты Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Түркиядағы бұл тосын жайтқа 2019 жылғы оқиға себеп боп отыр. Искендерун қаласының тұрғыны Казим Озан Селтик өзін тастап кеткен сүйіктісі Берфин Өзектен кек алып, өзіне бұйырмаған бойжеткенге өзге ешкім көз салмасын деп бетіне қышқыл шашқан.

Алайда осы жағдайдан кейін кінәлі жігіт сотталды. Сот оны 13,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ал көрікті бойжеткеннің беті күйіп, бір көзі көрмей қалған. Темір торға тоғытылған жігіт бұрынғы сүйіктісіне хат жазып, кешірім сұрап, түрмеден шыққан соң үйленетінін айтқан. Ал қыз өзін құбыжыққа айналдырған қылмыскерді кешіріп, оған келісім берген.