Жыл сайын сапасыз тағамнан 600 млн адам дертке шалдығады

0

Астана. 25 қаңтар. KAZISLAM – БҰҰ сапасыз азық-түліктен туындаған инфекциялық пен онкологиялық аурулардың өсуіне алаңдап отыр, деп хабарлайды 24kz.

12-13 ақпанда Эфиопия астанасы Аддис-Абебада алғаш рет тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша Халықаралық конференция өтеді. Осы форум қарсаңында БҰҰ-ның Азық-түлік пен ауыл шаруашылық ұйымы және Дүниежүзілік денсаулық ұйымы тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты мәселені жаһандық деңгейде жедел шешуге шақырып отыр.

Осы ұйымдардың мәліметінше, жыл сайын сапасыз азық-түлікті тұтынудың салдарынан әлем бойынша 600 миллион адам дертке шалдығып жүр. Бұл – денсаулыққа үлкен қатер төндіретін аурулар. Осы мәселенің жаһандық деңгейін ескеріп, бір ай бұрын БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Бас Ассамблея депутаттары 7 маусымды тағам өнімдері қауіпсіздігінің бүкіләлемдік күні деп жариялады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/