«Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)

0

Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жыл басынан қолға алынған бұл шара, расында, көңілдерге шуақ сеуіп, жүректерге жылу сыйлады.

 

Атам қазақтың «батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» дегеніндей, еліміздегі қалталы азаматтар жылда қайырымдылық істерінің басы-қасынан табылып келеді. Соның бір айғағы ретінде бүгін, Алматы Орталық мешіті жанындағы «Ихляс» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен және кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің тікелей атсалысуымен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.  

 

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамдары Дулатбаев Жорабай және Ермек Көкірекбаев аталмыш шараның маңыздылығына тоқталып, мұндай сауапты істердің қоғамдық маңызы зор екенін айтты. 

 

Сондай-ақ, жақсы іске бас болып жүрген кәсіпкер Қайрат Құдайберген де әлеуметтік көмек алған жандарға көңіл сергітерлік сөздерін жеткізді. 

 

Мешітке келіп жүректері жылылыққа кенелген қала тұрғындары да мешіт қызметкері мен қолы ашық азаматтарға ризашылық сезімдерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі