Жұмақта әйелдерге «хор жігіттері» бола ма?
Әйел кісі пейіште де өз ерімен болады. Ал, тұрмысқа шықпаған болса, бұл дүниеде, өзі сияқты бойдақ боп өткен еркекке үйленеді дейді мамандар. Өйткені Пайғамбарымыздың хадисінде «Пейіште бойдақ болмайды»[1] делінген.
Дегенмен, әйелдерге «хор жігіттері» берілмейді. Олай болатын себебі, пейіште ол өз ерінен өзгеге құштар болмайды. Бұған дәлел Құранның мына аяты: «Жәннәтта бөгде еркектерге көз салмайтын… (жұбайлар) бар»[2]. Осы аятқа сахаба Абдулла ибн Аббас: «…яғни өздерінің күйеулерінен өзгелерге қарамайды, әйелдер үшін жәннәтта жолдастарынан асқан әдемі жан не әсем дүние болмайды», – деп түсіндірме берген[3].
[1] Сахих Муслим, Китабуль Жәннә: «Бәбу әууәли зумратин…», №2834-хадис.
[2] Рахман сүресі – 56 аят.
[3] Ибн Кәсир тәпсірі, Рахман сүресі – 56 аят түсіндірмесі.
Абдусамат Қасым
Дереккөз: http://kazislam.kz/