Жұма намазын оқыған адамның барлық күнәсі кешіріледі деген сөз рас па?

0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөздерінің бірінде:

«Жұма намазы келесі жұма арасындағы күнәларды жуып-шаяды…» деп сүйіншілеген. Яғни, екі жұма арасында орын алған күнәлардың барлығы кешіріледі.

Бірақ, бұл хадистегі «күнәлардан» мақсат – кіші күнәлар. Себебі хадистің соңында «егер үлкен күнәлардан сақтанған болса» делінген. («Сахих Мүслім»). Ал, зина, өсім жеу, ғайбат айту сияқты үлкен күнәлардің кешірілуі үшін іштей өкініш білдіріп, келесіде қайталамау шартымен тәубе етуі қажет.

Абдусамат Қасым