Жұма күнгі дұға қабыл болатын уақыт қай сәтке тура келеді?

0
458

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ханафи мәзхабы ғұламаларының тоқтамы бойынша, жұма күнгі дұға қабыл болатын сәт – асыр намазының уақыты кіргеннен басталады. Яғни, екінті уақыты кіргеннен бастап, күн батқанға шейінгі аралық – дұға қабыл болатын уақыт деседі ғалымдар[1]. Бұл мына хадиске сүйенеді:

Сахаба Әнәс ибн Мәликтен жеткен хадисте Алла елшісі Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:

  الْتَمِسُوا السَّاعَةَ الَّتِي تُرْجَى فِي يَوْمِ الْجُمُعَةِ بَعْدَ الْعَصْرِ إِلَى غَيْبُوبَةِ الشَّمْسِ

«Жұма күні (дұға қабыл болады деп) үміт етілетін сәтті екінті уақытынан бастап, күн батқанға дейінгі аралықта іздеңдер!»[2] . 

Абдусамат Қасым