Жігітімен құшақтасқан студент қыз оқудан шығарылды


Астана. 16 қаңтар. KAZISLAM – Египеттің әлемге әйгілі «әл-Әзһар» университеті оқу орны территориясында жігітімен құшақтасқан студент қыз оқудан шығарылды, деп хабарлайды Islam-Today.
Интернетте тарап кеткен бейнежазбада жас жігіт қызға ұсыныс жасап тұрғаны көрінеді. Ahram басылымының мәлімдеуінше, шу тудырған ролик әл-Мансұр университетінің ауласында, яғни жігіттің оқу орны территориясында түсірілген.
Кадрда жас жігіт қыздың алдында тізерлеп, жүзік сыйлап үйленуге ұсыныс жасайды, соңына болашақ қалыңдығын құшақтап көтеріп алғаны жазылған.
Ал «әл-Әзһар» университеті студент қызды оқудан шығару бекітілген ережеге сәйкес екенін мәлімдеді. «Студент «әл-Әзһар, қоғам мен университет құндылықтарына құрмет көрсетпеді» делінген оқу орны жариялаған хабарламада. Баспасөз қызметі студент қыздың бұл шешімге қайта арыздану құқығы бар екенін де атап өтті.
Дереккөз: http://kazislam.kz/