Жерорта теңізінде 401 босқын құтқарылды

0

Астана. 3 қаңтар. KAZISLAM – Испания 1 қаңтардан бастап Жерорта теңізінде 401 мигрантты құтқарды. Бұл туралы елдің жағалау күзеті мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Босқындардың басым бөлігі Гибралтар бұғазы мен Альборан теңізінде кезіккен. Жалпы Жерорта теңізі – мигранттардың кәрі құрлыққа жететін негізгі жолы. Босқындар теңіздегі қауіпке қарамастан, Еуропаға түрлі қайықпен жетуге тырысады.

Ресми дерекке қарағанда, 2018 жылы осы теңізбен кәрі құрлыққа 101 мыңнан астамы келген. Тағы 2 мыңнан астамы жолда опат болған. Мигранттардың 50 мыңға жуығын Испания қабылдаған. Айта кететін жайт, өткен жылдың шілде айында БҰҰ миграцияға қатысты алғашқы жаһандық келісімді қабылдаған еді. Алайда Еуроодақтың кей елдері құжат босқындардың қайта ағылуына әкеледі деп оны бекітуден бас тартты.








Дереккөз: http://kazislam.kz/