Жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі қандай?

0
159

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті Қазақстан Республикасының діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Зайырлы қоғамдағы жастардың діни сенім бостандығы туралы түсінігі» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Семинардың мақсаты елордамыздағы ЖОО-дағы студенттерге білім беруші ұстаздарға діни экстремизмнің алдын алу бағытында әдістемелік бағдар беру және зайырлылық қағидасын дұрыс ұғыну арқылы діни толерантты, санасы ашық, сыни ойлау қабілеті ұшталған жастарды тәрбиелеу болатын.

ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму істері басқармасы, ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы, «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы», Астана қаласының ЖОО-ның тәрбие ісі жөніндегі проректорлары мен өкілдері, діни мәселелерді зерттеуші мамандар мен ЕҰУ студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасарлары қатысқан жиында діни экстремизмнің профилактикасы жайында тәжірибе алмасты.

Семинарды ашқан модератор, ЕҰУ «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі Тышхан Кеңшілік, еліміздегі дін мәселесінің маңыздылығына тоқталып өтті.

Кеңеске жиналған сала мамандары деструктивті ағымдармен күресудің тетіктерін қарастырып, маңызды ойлар мен ұсыныс-пікірлерін білдірді. Дін мамандары экстремистік иедялардың алдын алудың жолдарын, ұлттық және рухани құндылықтарды жастар бойына сіңіру жайында сөз қозғаса, Астана қаласындағы ЖОО өкілдері бұл бағытағы жұмыстарының тәжірбиесімен бөлісіп, әріптестерінен пайдалы кеңестер алды.

Кеңес өте жоғарғы деңгейде өтіп, Астана қаласының ЖОО дінтанушы мамандары университетаралық тәжірибе алмасатын осындай кездесулердің жалғасы болса деген ізгі тілектерін жеткізіп, ЕҰУ дінтанушы маманы Д. Мұратбекке рақметтерін айтты.

Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті

Дереккөз: http://kazislam.kz/