Жаңалықтары әлемді өзгерткен заманауи 6 мұсылман ғалым

0

XX және XXI ғасырлардың танымал әрі күллі әлем мойындаған мұсылман ғалымдары:

1. Ахмед Зевайл.

Мысырлық физик Ахмед Зевайл қазіргі заманның ең танымал мұсылман ғалымдарының бірі болған. Ол доктор дәрежесін АҚШ-та алып, кейін Калифорния университетіне профессор болып тағайындалған.

Ол өзін химиялық реакцияны бақылауға қолданылатын фемтосекундтық тәсілді дамытуға арнады. Зевайл – әлемге әйгілі алты университеттің мәртебелі докторы болған.  Ол көптеген марапаттарға ие, солардың бірі 1999 жылы химиядан фемтосекундтық техниканы қолдану арқылы химиялық реакциялар кезінде болатын өтпелі күйлерді зерттеу үшін берілген Нобель сыйлығы болып табылады. Ол 2016 жылы 70 жасында дүниеден өткен.

2. Фарук Әл-Баз.

Мысырлық Әл-Баз Миссури-Ролл университетінің танымал геологі. НАСА-да қызмет етіп, «Аполлон» миссиясы үшін қонатын алаңды таңдаумен және ғарышкерлерді Айда бақылау жүргізу мен суретке түсіруді үйретумен айналысқан.

Қазіргі таңда ол Бостон университетінің Дистанциялық барлау орталығының директоры және зерттеуші-профессоры; Каирдегі Айн-Шамс университетінің геологиялық факультетінің доценті болып қызмет жасайды, сондай-ақ, Америка геологиялық қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі; Америка Ұлттық академия ғылымының мүшесі болып табылады.

1989 жылы Фарук Әл-Баз Жаңа Англия колледжінің ғылыми доктор дәрежесіне ие болды, 2002 жылы ол Миссури Ғылыми-технологиялық университетінде  профессор атағын алды; 2003 жылы Әл-Мансур университетінің ғылым мәртебелі докторы атанды, 2004  жылы Каирдегі Америка университетінің заң ғылымдарының докторы атанды, 2004 жылы Миссури Ғылыми-технологиялық университетінің технология ғылымдарының мәртебелі докторы атанды .

3. Хулуси Бехчет.

Бехчет – атақты түрік дерматологі, медициналық және дерматологиялық білімді туған елі Түркияда алған. Ол тарихта алғашқы болып бұрында белгісіз болған — жүйелі васкулит немесе  Бехчет ауруын анықтаған. Ол ұзақ уақыт бойы белгілері бір-біріне ұқсас сырқаты бар үш науқасқа тәжірибе жүргізеді. Нәтижесінде, жаңа аурудың белгісі ресми түрде «Бехчет ауруы» деген атау алған. Бехчет заманауи ревмотологияның дамуына орасан зор үлес қосқан көптеген дерматологтердің бірі болып табылады. Ол 1948 жылы 59 жасында дүниеден өткен.

4. Хайат Синди.

Хайат Синди – Сауд Арабия ғалым-медигі, ол медициналық көмек көрсету орнында медициналық тексеруді және биотехнологияны дамытуға үлкен үлес қосты. Ол  Ньюнхем-колледжінде биотехнология саласында ғылыми доктор дәрежесін алып, Кембридж университетінде биотехнология саласы бойынша білім алған тұңғыш сауд әйелі болды.

Синди ханзада Халид ибн Фейсал Әл Сауд тағайындаған ғылыми жаңартпа Mаkkah Al Mukaramah сыйына ие болды. Сондай-ақ, ол ЮНЕСКО еркін ерік елшісі болып тағайындалған.  

5. Гада Әл-Мутайри.

Америкада туып-өскен саудиялық фармацевтикалық химия профессоры Гада әл-Мутайри, тек қана ғалым емес, сонымен қатар, өнертапқыш және кәсіпкер. Ол  Калифорния Университетінде ғылыми доктор дәрежесін алды және наномедицина, нанотехнология, химия және полимер ғылымдар саласында зерттеулермен айналысты. Химия саласындағы ерен еңбектері үшін Мутайри көптеген сыйларға ие болған.

6. Мұстафа Әл-Саид.

Әл-Саид – Флорида Униерситетінің танымал физигі, Гарвард пен Калифорния технология институттарының ғылыми қызметкері болған. Ол өзінің тобымен бірге химия, биофизика, наноғылым мен нанотехнологияның әртүрлі салаларын зерттеумен айналысқан.

Science Watch танымал ғылыми баспасы оны күллі әлем химиктары рейтингісінің төртінші орнына қойған. 2007 жылы ол ғылымға қосқан үлесі үшін ұлттық сыйлық алған, ал 2009 жылы – Мысыр республикасының медаліне ие болды.

 

asyldin.kz