Жаңа жылға арнап жұмыстан берілген сыйлықты алуға және сыйлық беруге бола ма?

0

Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Алла елшісі кәпірден де сыйлық қабыл еткендігі сахих хадистерде айтылады. Және Әзіреті Омар өзінің мұсылманшылықты қабыл етпеген мүшрік бауырына киім сыйлағандығы «Сахих Мүслім» атты хадистер жинағында келтірілген[1]. Сондықтан да, жаңа жылға арнап жұмыстан сыйлық беріліп жатса, оны қабыл етудің күнәсі жоқ. Маңыздысы берілген зат халал болуы шарт. 

Ал, енді сыйлық сыйлауға келер болсақ, бұған байланысты ертеректе өмір сүрген кей ғұламаларымыздың айтуы бойынша, діні бөтен елдің мейрамын ұлықтау мақсатында емес құр адамдар арасында орын алған әдет болғандықтан әлдекімге ықылас білдіріп, сыйлық сыйлап жатса, оған бола кәпір болмайды. Тек, дәл сол күні емес, бір күн алдын не бір күн кейін сыйлағаны жақсы. Бұл – сол қауымға ұқсау болмасын дегендік. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан», — деген[2]. Сондықтан да, өзінің жора-жолдастарына немесе туған-туыстарына (сұрақта сұралғандай көңілдерін аулау мақсатында) сыйлық сыйлағысы келген дін жолындағы мұсылман кісі лаж болса, дәл жаңа жыл мейрамында емес, одан бұрын немесе одан кейінгі күндері сыйлағаны жөн. 

Абдусамат Қасым