Вице-премьер екінші рет қажылық жасамауға шақырды

0
77

Астана. 25 желтоқсан. KAZISLAM – Халықтың қажылыққа дайындығы, қасиетті орындарға қажыларды жөнелту, қажылықты ұйымдастыру мәселелері туралы Тәжікстанда үкіметтік деңгейде жиын өтті.

Жиын жұмысына қатысқан республиканың вице-премьері Азим Иброхим жауапты мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктер қажылыққа баруға ниетті азаматтардың қаржылық жағдайларына жіті назар аударуы қажеттігін атап кетті. Ол қажылыққа қаражаты жоқ адамның қажылық жасауы міндетті еместігін жеткізді.

Вице-премьердің айтуынша, елде бұған дейін қажылыққа барғандар Мекке мен Мәдинаға тағы да қажылық жасағысы келетіндер бар, олардың көпшілігі мұны бәсекеге айналдырып жіберген.

Жиында Тәжікстанның Діндер комитетінде осындай топтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «екінші рет қажылыққа барғаннан гөрі елдегі мұқтаж жандар мен жетімдерге қайырымдылық жасауға» шақыру туралы тапсырмалар берілді. Вице-премьер Азим Иброхим қажылыққа азаматтарды тіркегенде ел заңнамалары қатаң сақталуы тиістігін ескертті.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Тәжікстанда 6,2 мың азамат қажылыққа барған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/