UFC чемпионы терроризм күдігімен ұсталды

0

Астана. 26 желтоқсан. KAZISLAM – Мәскеу әуежайларының бірінде құқыққорғау органы өкілдері жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовті ұстап әкеткен. Бұл туралы Vesti.kz порталына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Telegram желісіндегі «Плохой лейтенант» арнасы Федерал қауіпсіздік қызметіндегілерге сілтеме жасай отырып, Мәскеудегі әуежайлардың бірінде шекара қызметкерлерінің Дағыстаннан шыққан Ресейдің екі азаматын ұстағанын хабарлады. Айтуларынша, олар Түркияға ұшып кетпекші болған. Ұсталғандардың ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар деген күдікке ілінгені айтылады. Олардың бірі Хабиб Нурмагомедов болып шықты. Шекара қызметкерлерінің спортшының танымал екеніне қарамастан, одан және досынан жауап алғаны анықталды. Бірақ кейіннен қажетті тексерістерден кейін Нурмагомедовті жіберген. Спортшы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бұл әрекетіне наразылық білдірді.

Еске салайық, Нурмагомедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткізген еді. Ол қарсыласы МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Чемпиондық жекпе-жекте ресейлік спортшы қарсыласын төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, өз атағын қорғап қалды. Дегенмен кездесу соңынан қызуқандылыққа салынғаны үшін чемпиондық белбеуді табыстау рәсімі өткен жоқ. Алайда, жекпе-жек соңынан Хабиб ирландиялық спортшының командасына қарсы шығып, жаппай төбелеске ұласты.








Дереккөз: http://kazislam.kz/