Түркістан облысы әкімінің орынбасары Яссауи ұрпағымен кездесті

0

Астана. 28 қаңтар. KAZISLAM – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев Қожа Ахмет Яссауи ұрпағымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ыстанбұл қаласынан келген тарихшы-ғалым, Қожа Ахмет Яссауидің 27-ші ұрпағы Исметулла Ясауи бүгінде «Yesevi Ocakları» журналының бас редакторы әрі «Яссы» қорының президенті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу барысында Мәлік Отарбаев пен Исметулла Ясауи Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау мақсатындағы жоспарланған жұмыстарды талқылады. Түркиялық қонақ Халықаралық «Яссы» қорымен бірлесіп жұмыс істеуге ниет білдіріп, екі елдің мәдени-рухани қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосатынын жеткізді. Сондай-ақ екіжақты мәдени байланыстар туралы да ойларымен бөлісті.

«Түркістан қаласы — түркі халықтары үшін қасиетті мекен. Менің Отаным — Қазақстан. Сондықтан да Қожа Ахмет Ясауи мұраларын насихаттау жұмыстарының барлығына атсалысуға дайынмын», — деді Яссы қорының президенті Исметулла Ясауи. Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының қолжазбасы өткен күзде Түркістандағы мұражайға табысталған. Құнды қолжазбаны Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы өткізген болатын.








Дереккөз: http://kazislam.kz/