Түркия Йеменге гуманитарлық көмек берілді
Астана. 1 ақпан. KAZISLAM – Түркияның Адам құқықтары мен бостандығы және гуманитарлық көмек қоры (İHH) Йеменнің 17 елдімекеніне көмек жіберді, деп хабарлайды Ansar.ru.
İHH мәліметінше, қор қызметкерлері Йеменге қажетті көмекті үздіксіз жүргізіп, гуманитарлық дағдарысқа ұшыраған мекендерге жеткізіп келеді. Гуманитарлық көмек Ахрар, Джауф, Мериб және Гайза елдімекені тұрғындарына көрсетілген. Мұқтаж жандарға азық-түлік өнімдері – ұн, күріш, май, балалар тағамдары, көрпе-төсектер мен тазалық заттары таратылды. Сонымен қатар қор қызметкерлері Мариб, Джауф аудандарына 200 бас ұсақ мал әкелген.
Айта кетсек, 2018 жылдың қаңтар айынан бері İHH ұйымы Йеменнің 357 600 тұрғынына көмек көрсеткен.
Дереккөз: http://kazislam.kz/