Түркия Дін істері басқармасы «Пәтуалар» кітабын шығарды

0

Түркия Дін істері басқармасы халықтың дұрыс діни ақпаратқа оңай қол жеткізуі үшін «Пәтуалар» кітабын басып шығарды. Дін істері басқармасының жасаған мәлімдемесі бойынша, Дін істері жөніндегі жоғарғы кеңес тарапынан осы кеңестің бұрыннан ғылымхал мен фиқһ мәселелеріне қатысты берген пәтуалары жинақталып кітап халіне келтірілген.

Кітапқа ғылымхал мәселелерінен басқа халықтың көкейіндегі ақида, дәрет, намаз, зекет, пітір садақа, халал мен харам, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайға байланысты сұрақтарға берілген пәтуалар енген.

Бұдан басқа, аурулар, соған қатысты үзірлі жағдай секілді мәселелердің де үкімдері қамтылған.

Кітапта халықтың ыңғайына қарай пәтуалар арасында өзара сілтемелер жасалып, кейбір терминдер мен сөздердің индексі де құрылған.

Дін істері жөніндегі жоғарғы кеңес мүшелері мен мамандарының ұзақ уақыт бойы, асқан талғампаздықпен дайындаған еңбекте 1031 пәтуа қамтылған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/