Түркия 23 млн адамға көмек көрсетті

0

Астана. 28 қаңтар. KAZISLAM – Түркия 2018 жэылы 23, 251 млн адамға жалпы сомасы 3, 114 миллиард түрік лиріне көмек көрсеткен. Ал биыл 33 миллион адамға көмек беруді жоспарлайды. Бұл туралы Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Керем Кынык мәлімдеді.

«Түркия 2019 жылы жалпы сомасы 4,5 миллиард лир қаражатқа 33 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсетуді көздейді» дейді Керем Кынык. Ұйым басшысы биыл Түркияның Қызыл Жарты ай қорына 150 жыл толатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қызыл Жарты ай қоры әлемдегі әртүрлі апаттарға ұшыраған азаматтарға денсаулық сақтау және өзге де бағыттар бойынша, сондай-ақ балаларға көмек берудің барлық жолдарын қарастырады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/