Түрікменстанда ішімдік сатуға тыйым салынды


Астана. 3 қаңтар. KAZISLAM – Түркіменстанда 1 қаңтардан бастап алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоятын заң күшіне енді, деп хабарлайды Baq.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, енді ұшақта, пойызда, паромда, спорт кешендерінде арақ-шарап сатуға тыйым салынады.
5,6 миллион халқы бар елде енді ұлттық мерекелерде де алкоголь өнімдерін сатуға болмайды. Ал 2021 жылдан бастап сенбі-жексенбіде барлар мен мейрамханалардан басқа жерде арақ-шарап сатуға шектеу қойылмақ.
Түркіменстанды 2007 жылдан бері басқарып отырған Гурбангулы Бердімұхамедов 2025 жылға таман темекі сатуды шектейтін заң қабылдайтынын айтқан.
Дереккөз: http://kazislam.kz/