Түнгі клубта имам жүр

0
88

Астана. 14 желтоқсан. KAZISLAM – Әдетте дін саласының қызметкерлері, мешіт имамдары құлшылық үйлері мен мәдени орындарда, шараларда бой көрсетеді. Ал түнгі клубқа барған имамды көрдіңіз бе?

Мифтаим Анам Маулана Хабибуррахман өзге имамдарға ұқсамайды. Ол басына төбетей емес, явандық үлгідегі бас киім киіп, шашын 80 жылдар үлгісімен қойған. Хабибуррахман имам өз уағыздарын мешіттерде емес, түнгі клубтарда жүргізеді, деп жазады Channel News Asia.

Имамның айтуынша, түнгі клубтар мен барлардың қызметкерлері мешітке келмейді, себебі олардың өмір сүру бағыты басқаша. Сол себепті имам өз аяғымен оларға барып Құдайды еске салғанды жөн санапты.

«Мен оларға жұмақ пен тозақ туралы өте сирек айтамын. Өйткені, олар онсыз да бұл нәрселерді біледі» дейді 37 жастағы Гус Мифта аталып кеткен имам.

«Еңбек нарығы мен өмір оларды осындай жұмыстарға баруға, осылай өмір сүруге мәжбүрлейді. Мен бұл жерде оларға тек Құдайды ұмытып кетпеуін еске салу үшін келем» дейді ол.

Хабибуррахманның бұл қадамын өзге әріптестері аса құптай қоймайды екен. Көптеген имамдар сан мыңдаған адамдардың өміріндегі, тағдырындағы бұралаң жолдарға терең бойламастан, бірден клубтарды түгел жауып, ондағы қызметкерлері жазалау керек деп топшылайды.








Дереккөз: http://kazislam.kz/