Төрт қалқан

0

Жағфар бин Мұхаммед (Алла Тағала рақыметіне бөлесін): «Төрт сынақ пен қиыншылыққа тап болған адамның, біле тұра, құтылудың төрт жолын ұмытқанына таң қаламын. Уайым-қайғыға тап болған адам «…Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксің. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым[1]»,-деген аятты неге оқымайды, осы аяттан кейін: «Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз[2]»,-деп Алла уәде беріп тұр емес пе?

Қауіп-қатерге тап болған адам неге: «…Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Ие[3]»,-аятын оқымайды, осыдан кейін Алла Тағала: «…Сондықтан олар Алланың нығметі және кеңшілігімен бір сәтсіздікке ұшырамады…[4]»,-деген уәдесі бар емес пе?

Біреудің алдау-арбауына түскен адам «…Мен ісімді Аллаға тапсырамын…[5]»,-аятын оқысын, өйткені, одан кейінгі аятта: «Енді Алла, оны, олар жасаған сұмдықтарынан қорғады…[6]»,-деп түрлі тұзақтан аман алып шығатынын уәде еткен.

Мұрат-мақсатына жетуді қалаған адам: «…Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ» аятын оқысын, себебі Құран Кәрімде: «Өз бақшаңа кірген сәтте неге: Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ демедің?…[7]»,-деп ескерту айтылған»,-деген екен.

Руслан ҚАМБАР

[1] Әнбия сүресі, 87-аят

[2] Әнбия сүресі, 88-аят

[3] Әли Имран сүресі, 173-аят

[4] Әли Имран сүресі, 174-аят

[5] Ғафир сүресі, 44-аят

[6] Ғафир сүресі, 45-аят

[7] Кәһф сүресі, 39-аят